Champions Swim Series: Дмитрий Баландин екінші мәрте қола жүлдегер атанды

429

FINA-ның ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы алғашқы кезеңі аяқталды.

Champions Swim Series: Дмитрий Баландин екінші мәрте қола жүлдегер атанды

Қытайдың Шеньчжэн қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2:13.58 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен. 

Турнирде нидарландтық Арно Камминга жеңіске жетті (2:09.00). Күміс жүлдені германиялық Марко Кох иеленген.  Әлемдік турнирдің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу