Чарлоны жеңу оңай – Жәнібек Әлімханұлы

896

Боксшы орта салмақтағы уақытша чемпионнан толық деңгейге көтеріле сала америкалық Чарломен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді.

Чарлоны жеңу оңай – Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) дивизиондағы бәсекелесі, WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарлоны (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы боксшының өзі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен Чарломен жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алғым келеді. Бұл өте "оңай" жұмыс болады десем, бұл оңай жұмыс болатынын бәрі біледі, иншаАлла!", – деп жазды спортшы Twitter парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы алдыңғы жекпе-жегінде британдық боксшы Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу