Tagesschau басылымы атап өткендей, әсіресе аймақтық жаңалықтар немесе бірнеше ақпараттық үзінділерді біріктіру кезінде чат-боттар жиі жалған мәлімет береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мысалы, ChatGPT Рим папасы Франциск тірі деп айтуы мүмкін, Microsoft Copilot Швецияның НАТО мүшелігін білмеуі ықтимал, ал Google Gemini АҚШ заңдарына қайшы болса да, Дональд Трамптың қайта сайлануы мүмкін деп болжам жасайды.
Зерттеушілер пайдаланушылардың көбіне интерактивті АІ платформалардың айтқандарына сенетінін, бірақ ақпараттың дұрыстығын тексермейтінін ескертеді. Мұндай жағдай, мысалы, сайлаушылардың дауыс беру кезіндегі шешіміне жалған ақпараттың әсер етуіне әкелуі мүмкін.
Ал EBU азаматтарды жаңалықты тексерілген, сенімді дереккөздерден оқуға және жасанды интеллекттің жауаптарын факт ретінде қабылдамауға шақырды.