ChatGPT-дің қызметінде ақау пайда болды

188

Сайтты пайдаланушылардан 14 000-нан астам шағым түскен.

ChatGPT-дің қызметінде ақау пайда болды Фото: www.dgmu.ru

OpenAI ChatGPT веб-сайтында жаһандық ақау болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы күні ChatGPT-ге қатысты АҚШ-тағы пайдаланушылардан 14 000-нан астам шағым түсті, Нидерланды, Германия және Қазақстан сияқты басқа елдерден де ақаулар туралы хабарламалар келіп түсті.

Кейбір пайдаланушылар ChatGPT-дегі аккаунтына кіре алмады, ал басқалары сайтты мүлдем аша алмайды.

Сонымен қатар Reddit форумының пайдаланушылары AI тіл үлгісі веб-сайтының жұмыс істемейтінін растады.

Айта кетейік, ChatGPT соңғы жаһандық өшуі 11 желтоқсанда орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу