Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы австриялық әріптесі Александр Шалленбергпен Togg t10x отандық электромобилімен Венаға кездесуге барды, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Австрияға сапарда түрік министрі бастан аяқ түрік көлігімен жүруді жоспарлап отыр.
Австрияға сапары аясында Түркия СІМ басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Шмидпен және халықаралық Атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Мариано Гроссимен кездеседі деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу