Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі американдық комиссиясының мүшелерімен кездесуде Чех Премьер-министрі Петр Фиала мәлімдеді.
Сонымен қатар, кездесуде чех-америка ынтымақтастығының тереңдеуі, Еуропа континентіндегі қауіпсіздік жағдайы мен Украинаны қолдау бағдарламалары талқыланды.
Чехия АҚШ-тың қолдауымен НАТО-ның әскери әлеуетін күшейтуді көздейді және Вашингтонмен ынтымақтастықты кеңейтуге тырысып бағуда.
Бұған дейін Халықаралық әскери ынтымақтастық аясында Америка Құрама Штаттары Чехияға елдің қарулы күштерін жаңғыртуға арналған 200 миллион доллар беретіні белгілі болды. Бұл сома сонымен қатар Прага Киевке берген техника үшін ішінара өтемақы саналады.