Чехия билігі Қазақстанға іздеуде жүрген күдіктіні ұстап берді

872

Күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды, енді заң алдында жауап береді.

Чехия билігі Қазақстанға іздеуде жүрген күдіктіні ұстап берді

Чехияның әділет министрлігі Қазақстанның сенiп тапсырылған мүлiктi аса iрi мөлшерде жымқырды деген күдікке ілігіп, іздеуде жүрген азамат С.А.Иконниковті ұстап беру туралы сұрау салу хатын қанағаттандырды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осылайша ол Чехиядан экстрадициялады. Ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды, енді заң алдында жауап береді.

Айта кетсек, "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"ҰК"АҚ-ның азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бұрынғы директоры С.А.Иконниковке 2017 жылдың наурызынан бері халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу