Чехия Қорғаныс министрлігінің басшысы Яна Чернохова елді Біріккен Ұлттар Ұйымынан шығуға шақырды. Себебі БҰҰ Бас Ассамблеясы ХАМАС қозғалысының Израильге шабуылын айыптамаған Таяу Шығыстағы шиеленісу туралы қарар шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz DW-ге сілтемесімен.
"Тек 14 ел, оның ішінде біздікі де ХАМАС лаңкестері жасаған бұрын-соңды болмаған шабуылға қарсы шықты. Мен БҰҰ үшін ұяламын. Менің ойымша, Чехияда террористерді қолдайтын және өзін-өзі қорғаудың негізгі құқығын құрметтемейтін ұйымнан күтетін ештеңе жоқ. Шығайық", - деп жазды Чернохова Х әлеуметтік желісінде.
Келесі хабарламада министр БҰҰ-ның Жарғысына назар аударады, онда ел өз жұмысын жүйелі түрде бұзғаны үшін осы ұйымнан шығарылуы мүмкін деп жазылған. Алайда Чернохова Иран, Ресей, Солтүстік Корея, Сирия, Ауғанстан, Мавритания және басқа да бірқатар "демократиялық емес мемлекеттер" әлі күнге дейін БҰҰ-дан шығарылмағанын мысалға келтірді.