Чехия Еуропада бірінші болып карантинді жеңілдетті

537

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 533 мыңнан асып, оның 8,3 мыңы қаза тапқан.

Чехия Еуропада бірінші болып карантинді жеңілдетті

Чехия үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин шараларын жеңілдетті. Бұл – Еуропада шектеуді біртіндеп тоқтатып жатқан алғашқы ел. 

Жергілікті билік эпидемиологиялық қауіп деңейін 5-тен 3-ке дейін төмендетті. 3 желтоқсаннан бастап музейлер, көркем галереялар, мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер мен коммерциялық қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмыстарын жандандырады. Сонымен қатар қоғамдық шараларды ұйымдастыруға да рұқсат берді. Бар болғаны ғимараттағы адам саны 10-нан, ал сырттағысында 50-ден аспауға тиіс. 

Сағат 23.00 мен 05.00 аралығында тыйым салынған шектеудің күші жойылады. Билік бұл қадамға тек эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты ғана емес, алдағы Жаңа жыл мен Рождество мейрамдары қарсаңында халықтың көңілін көтеру үшін барып отыр. 

Соңғы мәлімет бойынша, Чехияда коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 533 мыңнан асып, оның 8,3 мыңы қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу