Чехия Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

588

Бұл туралы Чех Республикасының Премьер-министрі Петр Фиала айтты.

Чехия Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті Фото: gov.kz

Елордада Чех-Қазақстан бизнес-форумы өтіп жатыр.

“Біздің екіжақты кездесуіміз табысты өтті деуге болады. Жоғары мәртебелі Президентпен өткен кездесуім де сындарлы және жемісті болды деп айтуға болады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехия достық қарым-қатынастарының ұзақ тарихы бар. Қазақстан – Орталық Азия өңірінде біздің негізгі серіктестеріміздің бірі. Оны біздің импорт және экспорттық көрсеткіштерімізден анық көрсеңіздер болады. Бұл шынымен де ауқымды сома. Чех кәсіпорындары Қазақстанда ауыл шаруашылығы, әскери авиация өнеркәсібінде көптеген жылдар бойы белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз Қазақстанда көптеген қосымша мүмкіндіктерді де көріп отырмыз”, - деді спикер.

Оның сөзінше, іскерлік делегация құрамында көптеген чехиялық компаниялар бар. 

“Осы жылдың күз айында кеңейтілген делегациямыз Қазақстанға келеді. Одан бөлек энергетикалық мәселелер өзекті бағыттарымыздың бірі. Біз өзіміздің тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Сондай-ақ бізге өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігімізді жаңғырту қажет. Біз ынтымақтастықтың әртүрлі бағытын көріп отырмыз. Ресейдің Украинаға қарсы соғысынан кейін біз өзіміздің ынтымақтастығымызды кеңейте аламыз. Чехия республикасы ауыр металлургия, машина жасау саласында танымал. Біз өзіміздің жоғары технология өнімдеріміздің тізбесін кеңейттік. Олар инжиниринг, машина жасау, IT технологияларды, киберқауіпсіздікті қамтиды”, - деді Петр Фиала.

Чех Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланың сөзінше, бүгінгі таңда бизнес серіктестік, сонымен қатар халықаралық сауда-саттық өте маңызды. 

“Біз қазір соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Сондай-ақ қауіпсіздіктің жетіспеушілігі, жеткізілімдер тізбегінің әртараптануы секілді бағыттардың маңызы күннен күнге артып келе жатыр. Бизнестің алуан түрлілігі қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр”, - деп атап өтті Петр Фиала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу