Электр энергиясының бағасының өсуіне байланысты Чех фирмаларының үштен бірінен астамы шығынға ұшырайды. Бұл туралы Чехия экономикалық палатасының өнеркәсіптік секциясының төрағасы Зденек Петзл мәлімдеді.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін елдегі компаниялардың үштен бірі бәсекеге қабілеттілігінен айырылып, қызметкерлерді жұмыстан босата бастайды. Осыған байланысты Петзл мемлекеттік көмек жүйелі болуы керек, Министрлер кабинеті энергияны үнемдеу және басқа шаралар тіпті "қарапайым" фирмалардың қызметін жалғастыруына көмек болмайтынын түсінуі тиіс деп санайды.
"Бүгінгі таңда чех компанияларының 30%-дан астамы спот нарығында энергия сатып алатынына назар аудару қажет", – деді ол Үкіметтің экономиканы қолдау жөніндегі жоспарын сынға ала отырып.
Аталмыш жоспар бойынша мемлекет бірінші кезекте энергияны көп қажет ететін өндірістері бар кәсіпорындарға көмектесуге ниетті. Олардың қатарына өндірісте энергияны көп қажет ететін өңдеу және металлургия өнеркәсібі, сондай-ақ орман және ауыл шаруашылығы кіріп отыр. Барлығы 8 мыңға жуық компанияға қолдау көрсетіледі.
Динара Мұрат