Чехия президенті Бучадағы оқиғаны айыптады

842

Бұған дейін Украиналық БАҚ Ресей әскери күштерінің Буча қаласындағы бейбіт тұрғындарды өлтіруі туралы ақпарат таратқан болатын.

Чехия президенті Бучадағы оқиғаны айыптады

Чехия Президенті Милош Земан Украинаның Буча қаласында болған оқиғаны айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чехия басшысы кінәлілерді жазалауға шақырды.

"Республика Президенті Милош Земан Украинадағы бейбіт тұрғындардың өлтірілуін әскери қылмыс деп санайды және халықаралық сот әділ үкім шығарады деп үміттенеді", – деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін Украиналық БАҚ Ресей әскери күштерінің Буча қаласындағы бейбіт тұрғындарды өлтіруі туралы ақпарат таратқан болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ресми Мәскеу осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті.

БҰҰ-ның Ирактағы жаппай қырып-жою қаруын жоюды бақылау жөніндегі экс-инспекторы Скотт Риттер Буча қаласындағы оқиға бойынша медициналық сараптама өткізуге шақырды.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу