Чехия президенті Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

1197

Чехия президенті Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

2016 жылғы 11 қазанда Чехия президенті Милош Земан Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап strategy2050.kz хабарлайды.

Бұдан бұрын, 2016 жылғы 15 қыркүйекте Чех Республикасының Парламенті аталған келісімді ратификациялаған.

Келісім өзара іс-қимыл көкжиектерін 29 салаға дейін кеңейтіп, Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігін қоса ескергенде, ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу