Чехия президенті Украинаның ЕО мен НАТО-ға кіруін қолдады

480

Украина болашақта Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болуы керек. 

Чехия президенті Украинаның ЕО мен НАТО-ға кіруін қолдады Фото: img6.eadaily.com

Мұндай мәлімдемені Чехияның жаңа сайланған президенті Петр Павел Blick-ке берген сұхбатында жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Журналистер қауымы Президенттен НАТО-ның Вильнюстегі саммитіне қатысу жоспарлары бар ма және ол Украинаны Альянсқа қабылдауды қолдай ма деп сұрады.

"Иә, мен [саммитке қатысуды] жоспарлап отырмын. Менің ойымша, Украина болашақта НАТО мен Еуропалық Одақтың құрамына кіруі керек", - деп жауап берді Чех көшбасшысы.

Мәлімдеме жасаған уақытта Петр Павел Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша кез-келген мүмкіндікті барынша пайдаланып, бейбіт келіссөздер жүргізу керектігін еске салды, Сонымен бірге Чех көшбасшысы Киевтің НАТО-ға мүше болуы керек екенін атап өтті, өйткені, Украин әскери күштері қазір Еуропадағы ең тәжірибелі армия.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу