Чехия Президентіне үміткер өзі мен отбасына қастандық жасалуы мүмкін екенін хабарлады

442

Чехия Президентіне үміткер, елдің бұрынғы премьер-министрі Андрей Бабиш өзіне және оның отбасына төнген қауіп-қатерге байланысты сайлау алды науқанын тоқтатты. 

Чехия Президентіне үміткер өзі мен отбасына қастандық жасалуы мүмкін екенін хабарлады Фото: ria.ru

 Бұл туралы 24 қаңтарда саясаткердің өзі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Андрей, егер сен президенттік сайлауда жеңіске жетсең, мен қолыма қару алып, соңғы аңшылығыма шығамын. Бойымдағы қатерлі ісікті жеңе алмасам да, бірақ мен балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін соңына дейін барамын. Не сен жеңілесің, не өлесің! Сондықтан қазір артқа шегіну арқылы сен тек өміріңді ғана емес, қалған ар-ұятыңды сақтап қаласың, барлығы өзіңнің қолыңда", — делінген Бабиш оқыған хатта.

Бұрынғы премьердің айтуынша, мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған.

"Менің әйеліме арналған конверттегі оқ, маған өлім тілеген анонимді хат, ал қазір Пругоницадағы Соколовнаның автотұрағында атылған гильза. Мен полицияға қоңырау шалып, уақытша қорғауды сұрадым", — деді чех саясаткері.

Қазіргі уақытта полиция бұл мәселе бойынша тексеру жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Бабиш Чехия Президентіне үміткер. Оның 27-28 қаңтарда өтетін екінші турдағы қарсыласы - НАТО-ның бұрынғы генералы Петр Павел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу