Чехия прокуратурасы украиндарға көмек қорының негізін қалаушыны алаяқтық жасады деп айыптады

175

Қор босқындардан қаржы жинаған, бірақ қызметкерлеріне ақша төлемеген. 

Чехия прокуратурасы украиндарға көмек қорының негізін қалаушыны алаяқтық жасады деп айыптады Фото: РБК

Чехия прокуратурасы Help Ukraine қорының негізін қалаушы украиналық Владимир Гергельге босқындарға көмектесу үшін субсидия жинап, алаяқтық жасады деген айып тағып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Чехияның ST24 телеарнасына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, 2023 жылы Чехияның Білім министрлігі қорға шамамен 20 миллион чех кронын (шамамен $887,7 мың) бөлген.

"Прокурор субсидиялық алаяқтық деп танылған әрекеттері үшін айып тағып отыр", — деді Прага прокуратурасының өкілі Алеш Чимбала.

Оның айтуынша, Гергельге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Министрлік бөлген ақша Чехиядағы украиналық босқындарға тіл үйренуге және басқа да қолдауға жұмсалуы керек еді.

Қор босқындардан қаржы жинап, бірақ қызметкерлеріне ақша төлемеген. СТ24 мәліметтері бойынша, Гергель Прагада осы қаражаттың бір бөлігіне пәтер сатып алды, сонымен қатар қор 15 миллион крон (шамамен $665,9 мың) грант ұтып алғаннан кейін ол анасының шотына екі миллион крон (шамамен $88,7 мың) аударан, деп түсіндіреді РБК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу