Чехия Ресейде жарияланған ішінара мобилизациялауға қарсы

491

Олар Украинада Ресейдің арнайы әскери операциясын өткізуді айыптайды.

Чехия Ресейде жарияланған ішінара мобилизациялауға қарсы

Ресей Президенті Владимир Путин жариялаған ішінара мобилизациялау – Украина жеріндегі қақтығыста күшейе түсудің жаңа әрекеті. Чехия Премьер-Министрі Петр Фиала осылай мәлімдеді.

Оның пікірінше, Путин өзінің қадамымен Ресейдің бұл қақтығыстағы "жалғыз агрессор" екенін дәлелдеді. Сонымен қатар ол "Украинаға көмек көрсетуіміз қажет, оны өз мүддеміз үшін жасауымыз керек" деп атап өтті.

Өз кезегінде Чехияның Қорғаныс министрі Яна Чернохова Путиннің сөзі "ең алдымен оның ресейліктердің алдында имиджін сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді" деді.

Естеріңізге сала кетейік, Чехия Украинада Ресейдің арнайы әскери операциясын өткізуді айыптайды және Прага Киевке барлық салада, соның ішінде әскери қажеттіліктер мәселесіне қатысты қол ұшын беруде. 

Динара Мұрат

Фото: rosinform.press

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу