Чехия ресейлік жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруды талап етеді

233

ЕО-ның бұғатталған ресейлік активтері экспроприацияланып, ал алынған пайда Украинаға жұмсалуы тиіс. 

Чехия ресейлік жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруды талап етеді Фото: Sean Gallup / Getty Images

Бұл туралы Чех еуродепутаты Ондржей Коларж мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ЕО-ның батыл саяси шешімге баратын уақыты келді, менің ойымша, Чехия билігі мұны істеуі керек – Ресейдің мемлекеттік мүлкін иеліктен шығару. Бұл, ең болмағанда, бізге өткен уақыттағы шешілмеген мәселелерді шешу міндетін орындау үшін қажет. Мұны баяғыда жасау керек еді, бұл біздің ел алдындағы парызымыз", — деді ол.

Оның айтуынша, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен байланысты тиісті заң енгізу қажет. Мысал ретінде ол Эстония мен Латвияның шешімдерін келтірді, мұнда Ресей Федерациясының мүлкі мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіретіндіктен иеліктен шығарылады. 

"Ресей Чехияның түкпір-түкпірінде жылжымайтын мүлікке ие. Біз ұсынған заң жобасының атауы оның мәнін көрсетеді, яғни Чехияның қауіпсіздігін қорғаймыз. Біздің ойымызша, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұр, жауымыз деп танылған мемлекет ашық түрде біздегі мүлікке иелік етеді және пайдаланады. Латвияда бұл мәселеге ұқсас көзқарас бар", — деді Коларж.

Оның ойынша, Чехия билігі өзіне деген сенімділікті көрсетіп, Ресейге қатаң әрекет етем десе, онда жаңа заң қабылдауы керек.

"Қолданыстағы нормалар шеңберіндегі іс-әрекеттердің нәтижелері қазірдің өзінде айқын. Чехия СІМ бірнеше сот ісін қозғады және, өкінішке орай, олардың кем дегенде біреуі дау-дамайда жеңіліп жатады. Мен осы тақырып бойынша маңызды пікірталас бастағым келеді. Мәселе мынада, Сыртқы өрісте Чехия Украинаны барлық жағынан қолдай отырып, өте сенімді көрінеді, бірақ ол ішкі саясатқа келгенде үнсіз", — деді ол.

Коларж сонымен қатар Чехиядағы ресейлік мүлікті өз заңнамасын бұзбай экспроприациялау мүмкін деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу