Бұл туралы Прагада өткен баспасөз мәслихатында екінші Үкіметаралық консультациялардан кейін Украина премьер-Министрі Денис Шмыгал хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, чех компаниясы Украинаның "Укроборонсервис" мемлекеттік кәсіпорнымен тауарлар мен қызметтерді жеткізуге келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, Украинада Colt CZ Group компаниясының шабуыл мылтықтарын шығару туралы келісім жасалды.
"Бұл келісім Česká zbrojovka компаниясы мен тиісті украиналық кәсіпорын арасында жасалады; қауіпсіздік мақсатында мен қазір оның атауын жария етпеймін", – деді Украина премьер-министрі.
Өз кезегінде Чехия премьер-министрі Петр Фиала Киевпен ынтымақтастық болашаққа бағытталған және екі жаққа да тиімді деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Украинаға экспорт соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда төрттен біріне артқанын және елді қалпына келтіру процесінде чех компанияларының саны күннен күнге артып жатқанын атап өтті.
Фиаланың айтуынша, Чехия Үкіметі Украина Министрлер кабинетінің мүшелеріне болашақта Чехияның көмегі мен қолдауына сене алатынын растады. Кездесу қорытындысы бойынша министрлер жекелеген ведомстволардағы ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, Чехия Ресейдің Украинадағы әрекеттерін айыптайды және Киевті барлық жағынан қолдайды. Прага қару-жарақ жеткізіп қана қоймай, өз аумағында украин әскери күштерін оқытады.