Чехияда 2024 жылдың аяғындағы экономика жағдайы бойынша болжам нашарлады

239

2024 жылы Чехияның ЖІӨ өсімі небәрі 1,1%-ды құрады.

Чехияда 2024 жылдың аяғындағы экономика жағдайы бойынша болжам нашарлады Фото: canva.com

Чехияның Қаржы министрлігі ел экономикасының осы жылға өсу болжамын қайта қарады. Бұл туралы ведомство күні кеше хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа макроэкономикалық бағалауға сәйкес, 2024 жылы Чехияның ЖІӨ өсімі небәрі 1,1%-ды құрайды, бұл сәуір айында күткен нәтижеден 0,3%-ға аз.

"Биылғы жылы бағалаудың төмендеуінің негізгі себебі – Чехия статистикалық басқармасының деректерін қайта қарау. 2023 жылға арналған база күтілгеннен жоғары. Өткен жылы экономикалық құлдырау 0,3%-ды емес, тек 0,1%-ды құрады", - деді Қаржы министрі Збинек Станюра.

Сонымен қатар, ол экономика дамуының оң тұстарын да атап өтті: Чехиядағы жұмыссыздық деңгейі ЕО-дағы ең төменгі деңгейдің бірі болып қала береді, ал инфляцияның төмендеуіне байланысты нақты жалақы сәуір айында болжанған көрсеткіштен біршама артық болады 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Чехияның Орталық Банкі өзінің жазғы макроэкономикалық болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, ЖІӨ өсімі 2024 жылы мен 2025 жылы сәйкесінше 1,2% бен 2,8% болуы керек. Республика Қаржы министрлігі келесі жылы экономиканың өсімін 2,7% деңгейінде күтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу