Чехияда бағаның өсуіне қарсы наразылық акциясы өтті

530

"Кедейлікке қарсы" ұранымен Чехия астанасының орталығында бірнеше мың адам жиналды.

Чехияда бағаның өсуіне қарсы наразылық акциясы өтті

8 қазан Прагадағы Вацлав алаңында энергия мен азық-түлік бағасының өсуіне қарсы наразылық акциясы өтті. Үкіметтен көмек сұраған митингті CMKOS Чехия кәсіподақтар конфедерациясының ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап. 

Наразылық білдірушілер ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды талап етті. Бүгінде бұл көрсеткіш 644 еуроны құрайды. Сонымен қатар олар күнделікті тауарлардың бағасына мемлекеттік реттеуді енгізуді де сұраған.

Чехияның Ұлттық статистика ведомствосының мәліметіне сәйкес, тамыз айында бағаның өсуі 17,2%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу