Чехияда бұрынғы президент қайта сайланды

937

Чехияда бұрынғы президент қайта сайланды

Чехиядағы президенттік сайлаудың екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Милош Земан жеңіске жетті, деп хабарлайды khabar.kz.

Жұма күні басталып, екі күнге созылған саяси додада Земан сайлаушылардың 51,5 пайыз дауысын жинады. Ал оның қарсыласы Чехия Ғылым академиясының бұрынғы төрағасы Иржи Драгош дауыс берушілердің 48,5 пайыз қолдауына ие болды. Сөйтіп Милош Земан екінші рет қатарынан ел президенті қызметін атқарады.

Дегенмен, Чехия парламенттік мемлекет болғандықтан, президенттің елдің саяси өміріне ықпалы аз. Ал жаңа басшыны ұлықтау шарасы 8 наурыз күні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу