Чехияда ел үкіметіне сенімсіздік артып келеді

610

Чехтердің жартысынан көбі Премьер-Министр Петр Фиаланың Үкіметіне сенбейді.   

Чехияда ел үкіметіне сенімсіздік артып келеді

Бұған Median агенттігінің Český rozhlas (ČRo) үшін жүргізген сауалнамасы дәлел болып отыр. 
Сауалнама нәтижесі бойынша Чехия тұрғындарының 55%-ы үкіметке сенімсіздікпен қарайды. Олардың ішінде респонденттердің үштен бірі Үкіметке "сөзсіз" сенбейтінін, ал 22% "сенімсіздік" танытатынын айтты.

Сонымен бірге, респонденттердің 45%-ы Үкіметтің энергия бағасының өсуіне қарсы әрекеттеріне наразы, ал 26%-ының қолдаудан наразылығы басым. Наразы адамдардың көп бөлігі ANO, SPD және коммунистік партиялардың сайлаушыларына тиесілі. Барлық үш жағдайда олардың үлесі кем дегенде 95%-ды құрайды. Респонденттердің тек 36%-ы Министрлер кабинетіне толық сенеді.
Естеріңізге сала кетейік, Фиала кабинеті қолдайтын Ресейге қарсы санкциялар әсерінен Чехияда елеулі энергетикалық дағдарыс басталды, енді біртіндеп әлеуметтік-экономикалық деңгейге көтерілді. Мыңнан астам адам қатысқан сауалнама 6-7 қыркүйек аралығында жүргізілді. 

Динара Мұрат
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу