Чехияда Петр Павел президент атанды

451

15 мың учаскедегі дауыстарды санау процесі аяқталды, халықтың 70%-дан астамы сайлауға қатысты. 

Чехияда Петр Павел президент атанды Фото: s0.rbk.ru

Петр Павел Чехиядағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Отставкадағы НАТО генералы 58,32% дауыс жинады. Миллиардер әрі бұрынғы премьер-министр Андрей Бабишті сайлаушылардың 41,67%-ы қолдады, деп жазады inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

"Бұл сайлауда шындық, қадір-қасиет пен құрмет жеңіске жетті", - деді Петр Павел өз жақтастарына. Андрей Бабиш өзінің жеңілгенін мойындады.

61 жастағы саясаткер 9 наурызда Прага сарайында Ант береді. Ол Мәскеумен жақындығы үшін сынға түскен Милош Земанның орнына келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу