Чехияда су тасқыны кезінде үш адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бүгінге дейін су тасқынынан үш адам қаза тапты. Жексенбі күні республиканың солтүстік-шығысындағы Красовец өзенінен өлі әйелдің денесі табылды. Дүйсенбі күні тағы екі ер адамның мәйіті табылды, олардың біреуі су басқан пәтерде болған", - делінген хабарламада.
Қаза тапқандардан басқа тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кетті деп саналады.
13 қыркүйектен бастап Чехияның барлық аумағында үздіксіз жаңбыр жауып жатыр. Салдарынан өзендер мен басқа су айдындарындағы су деңгейінің күрт көтеріліп, бірқатар елді мекендерді су басты. Бұған дейін апат салдарынан қайтыс болған бір ғана адам туралы хабарланған болатын.