Чехиядан қаржы жымқырған қылмыскер экстрадицияланды

628

Чехиядан қаржы жымқырған қылмыскер экстрадицияланды

Қазақстанның бас прокуратурасы және ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Владимир Чаплинскийді экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.   

Анықталған тұлғаны беру туралы Қазақстан бас прокуратурасының тиісті сұрауын Чехияның әділет министрлігі қанағаттандырды.

Чаплинский 2007 жылы "Агат-7" ЖШС-нің директоры лауазымында болған кезінде, мемлекеттік мекемемен Балқаш қаласында мектеп салуға шарт жасасқан. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді енгізгіп отырған. Оған 39 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды.  

Чаплинский қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, халықаралық іздеуде болды.   

Бас прокуратура оның елге берілу жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келді.

Қазіргі уақытта Владимир Чаплинский Астананың тергеу изоляторына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу