Чехиялық өнертапқыш суда жүзетін автобус жасап шығарды

1072

Чехиялық өнертапқыш суда жүзетін автобус жасап шығарды

Чехияда Роберт Шубик есімді өнертапқыштың шағын автобусы суда жүзеді, деп жазады 24kz.

Mercedes Sprinter көлігінің иесі бұл жаңалық туристік компанияларға көп мүмкіндік ашады дейді. Амфибия автобусқа 12 жолаушы сыяды.

"Мұндай автобусты жүргізу моторлы қайықты басқарудан қиын емес. Оның бір ғана ерекшелігі көліктегідей жылдамдықты реттеп, қалақтардың қозғалысын бағыттау үшін рульды айналдырып отыру керек", - дейді өнертапқыш Роберт Шубик. 

"Саяхатшыларға қолайлы болу үшін төбесін де ашуға болады. Ал бұл іспен 2008 жылдан бері айналыса бастаған Шубик шағын автобусқа қайықтың моторын орнатуды тек өткен жылы бастағанын айтады. Өнертапқыш көлікті суда жүргізуге 8 мың сағат уақытын арнапты. Енді дөңгелектері бар үй жасап шығаруды жоспарлап отыр" деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу