Чехиялық сарапшылар Қазақстан саясатын жоғары бағалайды - ҚР СІМ

559

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Чехияға жұмыс сапары барысындағы "Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік реформалары және Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі" тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. 

Чехиялық сарапшылар Қазақстан саясатын жоғары бағалайды - ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Прагадағы Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған конференцияға Шығыс Еуропаның төрт елінен – Мажарстан, Польша, Словакия мен Чехиядан беделді талдау және сараптамалық орталықтардың 20-дан астам өкілі қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

Конференцияны ашқан Р.Василенко жалпы Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың маңыздылығын баса айтып, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына ерекше тоқталды. Сарапшылар қауымдастығына соңғы конституциялық өзгерістердің, оның ішінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты жан-жақты түсіндірілді.

Нәтижесінде Прагадағы іс-шара шығыс еуропалық әріптестердің соңғы жылдары Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан жаңа әлеуметтік саясатқа деген ықыласын көрсетті және қатысушылардың жоғары сараптамалық бағасын алды.

Прагаға сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чехия Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушы Томаш Тесажбен де кездесті. Р.Василенко атап өткендей, "Қазақстан мен Чехия арасында климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын басқару және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор".

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Чехияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасында қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, Р.Василенко "Аэроводоходы" авиациялық зауытында болып, Чехиядағы ең ірі компаниялардың бірі "Омнипол" компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.

Сапар соңында министрдің орынбасары Чехияның ČTV орталық телеарнасына сұхбат беріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды, алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын, сондай-ақ еліміздің көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатының қазіргі бағыттарын түсіндіру мақсатында брифинг өткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу