Чехтердің жартысынан көбі елдегі саяси жағдайға көңілі толмайды

526

Чехтердің өз үкіметіне деген сенімі азайып, республика ішіндегі саяси жағдайға наразылығы артқан.

Чехтердің жартысынан көбі елдегі саяси жағдайға көңілі толмайды Фото: DW

Мұндай тұжырымға Чехияның қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (CVVM) азаматтардың мемлекеттік биліктің негізгі органдарына деген сенім деңгейі туралы сауалнамасы дәлел бола алады, деп жазады inbusiness.kz.

Алынған мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда республика тұрғындарының ең үлкен сеніміне елді мекендердің басшылары (старосталар) пен муниципалдық билік өкілдері ие, олар сауалнамаға қатысқандардың 65% дауысын жинады. Ал респонденттердің үкімет пен депутаттар палатасына деген сенімі ең аз көрсеткішке ие болды — 33% дауыс. Сенатқа сауалнамаға қатысқандардың тек 36%-ы, өлкелік билікке — 46%-ы, өңір басшыларына - 45%-ы ғана сенеді.

Сауалнама барысында респонденттерден Чехиядағы өзекті саяси жағдайға баға беру сұралды. Чехтердің 53%-ының көңілі толмайды, тек 19%-ы оң жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Чехияның қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (CVVM) ЧР Ғылым Академиясының Әлеуметтану институтының зерттеу бөлімі және осындай сауалнамаларды тұрақты негізде жүргізеді. Аталмыш зерттеу 31 қаңтардан 20 наурызға дейін жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу