"Челахтан әлі жауап алынбады" - Бас прокурордың орынбасары

480

Челахтың арызына қатысты тың ақпарат шықты.  

"Челахтан әлі жауап алынбады" - Бас прокурордың орынбасары Фото: bureau.kz

Бас прокуратурада Владислав Челахтың арызы қаралып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оған Арқанкерген шекара бетінде 15 адамды өлтірді деп айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

"Оның шағымы қаралып жатыр. Қорытындысы бойынша оған жауап береміз. Одан жауап алынбады", - деді Әсет Шындалиев тілшілердің сауалына берген жауабында.

Бас прокурордың орынбасары Челах шағымының мазмұнын айтпады.

Айта кету керек, өткен жылдың 22 желтоқсанында Владислав Челахтың шағымы Бас прокуратураға түскені туралы ақпарат тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу