Челлендж, құттықтау, қойылымдар: Астанада Алғыс айту күні қандай іс-шаралар өтеді?

829

Алғыс айту күніне байланысты қаланың қоғамдық кеңістігін, даңғылдарын, көшелерін безендіру жоспарланып отыр. 

Челлендж, құттықтау, қойылымдар: Астанада Алғыс айту күні қандай іс-шаралар өтеді? Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Алғыс айту күні қарсаңында түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, театр қойылымдары өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атаулы мереке күніне орай елорда мектептерінде көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр. Мәселен, 1 наурызға дейін "Алтын жүрек" ән челленджі, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық акциялары, "Рахмет деймін!" мейірімділік акциясы, "Алғысыңмен жақында" алғыс айту сабағы, "Рахмет саған, Елордам" атты оқушылардың тілегі, "Қазақстан – мейірім мекені" тақырыптық экспозияция, "Алғыс сандығы" елорда тұрғындарына алғыс білдіру іс-шарасы, "Алғысқа бөлену" адам өмірін құтқарған батыр балаларға алғыс айту акциялары жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 28 ақпанда "Руханият" орталығында "Мың алғыс саған, туған жер!" ашық сабақтар, дәл осы күні қала мектептерінде "Алғыс батасы" Қарт адамдарға көмектесу іс-шарасы, сол сияқты әлеуметтік желілер арқылы "Арайлы Атамекенім" челленджі ұйымдастырылады.

Бұған қоса, 28 ақпан күні "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы мен концерттік бағдарлама, 29 ақпанда "Тарих ғибраты – архив құжаттарында" фото құжаттық көрме өтеді.

1 наурыз күні Балалар музыкалық мектебінде "Алғысым шексіз" мерекелік концерттік бағдарлама, сол сияқты өзге де мектептерде "Рахмет саған, Отаным" бірыңғай ашық тәрбие сағаты, "Шынайы жүректегі алғыс" суреттер фотокөрмесі, "Кімге алғыс айтар едіңіз?" ең үздік құттықтау ашық хаты, "Ұстазым, Сізге ән алғыс!" сазды челлендж өткізу жоспарланып отыр.

Бұл күні М. Өтемісов атындағы Окушылар сарайында бірқатар іс-шара жоспарланып отыр: "Досыма менің мың алғыс" құттықтау, "Қазақ халқына мың алғыс" онлайн-квест, "Анам мен әкеме алғыс" сурет және фото көрмесі, "Қазақстан – мейірімділік мекені", Неміс этнолингвистикалық орталығының қолданбалы шығармашылық бойынша шеберлік сыныбы, "Игі істер марафоны" этнолингвистикалық орталықтар арасындағы іс-шаралар.

Сонымен қатар, 1 наурызда өзге де білім беру ұйымдарында түрлі акциялар, челлендждер, кездесулер ұйымдастырылады.
Мәдениет мекемелері бұл күні қойылымдарын дайындап отыр. Мәселен, Қуыршақ театры бұл күні Ерекше балаларға арналған "Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары" спектаклін қойса, "Жастар" театрында "Демеу" орталығының мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлерге арналған "Жолы болғыш жігіт" қойылымы өтеді.

Мерекенің құрметіне жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандарына алғыс білдіріп, ыстық шай мен бауырсақтар, ыстық тамақ тарату жоспарда бар.

Бұл күні ардагерлермен және тыл еңбеккерлерімен кездесу өтеді.

  • Ал Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел отырысы, сол сияқты мұқтаж балалардың еміне арналған қайырымдылықтан жиналған қаражаттың салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.
  • 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің "Қазақ еліне мың алғыс" монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.
  • Сонымен қатар, Бейбітшілік және келісім сарайында "Бірлік" ансамбліның концерті қойылады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу