"Человек в маске" такси боп жүрген жалғызбасты анаға пәтер сыйлап, ұлының еміне ақша берді

2402

Маска киген жігіт кім?

"Человек в маске" такси боп жүрген жалғызбасты анаға пәтер сыйлап, ұлының еміне ақша берді Фото: inbusiness.kz

"Человек в маске" лақап атымен танылған азамат үш баласын асырап, такси болып жүрген жалғызбасты анаға тосын сый жасап, пәтердің кілті мен баланың еміне ақша берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейтаныс жігіт әйелді ең кіші ауру баласымен бірге такси болып жүрген жерінде қуантты.

Жалғызбасты ана жанұясын асырау үшін несиеге көлік алып, күнделікті таңнан-кешке дейін көліктен түспейді екен.

– Жалғызбасты анамын, үш балам бар. Кіші балам дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Жасы 8-де. Баламды емдеуге апарамын, бір жағынан такси болып, жұмыс істеймін. Көлікті несиеге алдым. Қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Жағдайымыз қиын, қиналып, шаршап кеттім, – дейді жалғызбасты ана.

Маска киген азаматтың бұл әрекетіне желі қолданушылар тәнті болып, ризашылықтарын білдіруде. Ал, қиналған әйелге қол ұшын беріп, жәрдем жасаған жігіттің кім екені әзірге белгісіз. Белгілісі бұл жігіт бұған дейін де талай жанды қуантып, көмектескен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу