Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан алтын медаль алған қазақстандық құрама спортшылары қанша сыйақы алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Рамазанованың айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясынан "Көкпар" мен "Көк бөрідегі" жүлделі орындар үшін мынадай сыйақылар белгіленген:
1 орын үшін — 10 миллион теңге;
2 орын үшін — 6 миллион теңге;
3 орын үшін — 4 миллион теңге.
Бұдан бөлек, "Көк бөрі" республикалық федерациясының президенті Бауыржан Әбдірашитовтың атынан мынадай жүлде қоры белгіленген:
"Көкпар" бойынша бірінші орын алған әр спортшы мен әр жаттықтырушыға – 5 миллион теңгеден;
"Көк бөрі" бойынша бірінші орын алған әр спортшы мен жаттықтырушыға – 10 миллион теңгеден сыйақы беріледі.