Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада еліміздің ең үздік боксшыларының қатысуымен "Чемпиондар түні IBА" үлкен бокс кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кеш барысында әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген былғары қолғап шеберлеріміз – Санжар Тәшкенбай, Сабырхан Махмұд, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Бекзат Нұрдәулетов, Ерасыл Жақпеков және Данияр Елеусінов өз өнерлерін ортаға салды.
Отандық боксты өрге сүйреп жүрген Қазақстан командасы мен әлем боксшылары 4:4 есебімен тең түсті. Жігіттеріміздің жарқын жеңістері әлі алда. Спорттағы толағай табысымыз көп болғай",-деп жазды Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Telegram каналында.