Тиісінше 6 ойында 1 ғана ұпай еншілеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елімізге келгелі басы даудан арылмаған бапкердің "Ахматқа" кетуі туралы шетелдік БАҚ-та сөз болған.
"Рубин" клубының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов "Спорт День за Днем" тілшісіне берген сұхбатында аталған жайтты растап отыр.
– Клуб Черчесовті бас бапкерлікке қарастырып жатыр. Черчесовтің "Ахматқа" ауысуы мүмкіндігі жайлы ақпарат текке шыққан жоқ қой. Ол "Ахматтың" чемпионаттан шығып қалмауына көмектесетіні анық. Черчесовтің алғашқы алтылыққа таласуға тырысатыны сөзсіз, – деген А.Попов.
Еске салайық, Ресей чемпионатының 16-турында "Ахмат" сырт алаңда "Крылья Советов" клубына 1:2 есебімен жеңілді. Бұл – олардың үш ойын қатарынан жеңілуі. Поповтың сөзінше, Черчесов – клубқа көмектесе алатын бірден-бір адам.
Десе де, Черчесовтің Қазақстан құрамасымен келісімшарты 2026 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін жарамды. Оған дейін Қазақстан тарапы келісімшартты бұзса, қомақты қаржы төлеуге мәжбүр.