"Чернобыль" сериалы "Эммидің" үш жүлдесіне ие болды

830

"Тақтар ойыны" ең үздік драмалық сериал номинациясында жеңіске жетті. 

"Чернобыль" сериалы "Эммидің" үш жүлдесіне ие болды

1986 жылғы оқиғалар туралы түсірілген HBO компаниясының "Чернобыль" атты сериалы Лос-Анджелесте өткен "Эмми" марапаттауы салтанатында жылдың ең үздік мини-сериалы атанды. 

Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, осы сериалдың режиссері мен сценарийшісі жүлделі болды. 
Британиялық актриса Джоди Комер ең үздік әйел рөлі номинациясында топ жарды. Ал ең үздік ер адам рөлі номинациясы бойынша "Қалып" сериалының актері Билли Портер марапатқа ие болды. 

Ал 14 номинация бойынша бағын сынаған "Тақтар ойыны" ең үздік драмалық сериал номинациясында жүлдені қанжығасына байлады. 

"Эмми" жүлдесі 1949 жылдан бері табысталып келеді. Cонымен қатар ол "Оскар" сыйлығының телевизиялық нұсқасы ретінде есептеледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу