4 қыркүйекте Черногорияның Жоғарғы соты ҚР Бас прокуратурасының Смаилованы экстрадициялау талабынан бас тартуға шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал, 12 қыркүйекте апелляциялық инстанция қарағаннан кейін бұл шешім күшіне енді. Шілде айында Смаилова және оның жұбайы Черногориядан саяси баспана алды.
Қазақстанда оған қатысты жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғу және алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол зардап шегушілерге көмек көрсету үшін ақша жинағанымен, зорлық-зомбылық пен өзін-өзі өлтіру оқиғалары расталмаған.
Ақша оның жұбайының жеке есепшотына аударылып, мақсатқа сай жұмсалмаған. Смаилованы Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген сырттай айып тағылған еді.