Өрт ошақтары ел астанасы Подгорица, сондай-ақ Никшич, Биело-Поле, Чане және Булярица маңында сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қатты жел жалынды тұрғын аудандарға жақындатқан. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Подгорица, Будва, Бар, Никшич, Шавник және Биело-Поле қалаларында өрт әлі жалғасуда.
Черногория үкіметі НАТО шеңберінде көрші елдерден көмек сұраған. Сербия тікұшақ, ал Хорватия арнайы өрт сөндіру ұшағын жіберді. Елде ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты қызыл деңгейдегі қауіп жарияланған.
Өрт Балқанның басқа елдерінде де тіркеліп отыр. Хорватияда Сплит маңындағы өрт 250 гектар орманды жойғанымен, бақылауға алынды. Косовода бір күнде 51 өрт шыққан, оның 19-ы әлі сөндірілмеген. Албанияда соңғы тәулікте 50 өрт тіркеліп, 19 ошақ әлі жанып жатыр. Өрт сөндіруге 1080 адам мен 82 техника жұмылдырылған.
Албаниялық ғалымдар Шкодер, Лежа және Эльбасан аймақтарында өрт қаупі өте жоғары екенін ескертті. Ауа температурасы 41 °C-қа дейін көтеріледі деп болжануда. Ұқсас аптап ыстыққа байланысты ескертулер Хорватия, Босния және Герцеговина мен Сербияда да жарияланды.