Черногорияда қазақстандық азамат өзгені құтқарып, өзі көз жұмды

562

Оның артында 4 жасар қызы қалды.

Черногорияда қазақстандық азамат өзгені құтқарып, өзі көз жұмды

Черногорияда екі әйелді құтқарамын деп қазақстандық азамат Таңат Смағұлов қаза болды, деп хабарлайды Экспресс-К".

Құрбан болған азаматтың досының айтуынша, оқиға 16 тамызда орын алған. Теңізде толқын көтеріліп, екі әйел суға бата бастаған. Таңат көмекке ұмтылған: бірін құтқарып, екіншісіне судан шығуға көмектескен. Сондай-ақ, құтқарамын деп черногориялық бір азамат көз жұмған.

Таңаттың артында 4 жасар қызы қалды. Оның денесін елге әкелу 21 тамызға жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу