Черногорияда жексенбі, 19 наурызда президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz dw.com-ға сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, батысшыл қазіргі президент Мило Джуканович екінші мерзімге қайта сайлануға тырысып бағуда. Онымен тағы алты үміткер бақ сынасып жатыр, оның төртеуі сербшіл лагерьдің өкілдері.
Бүгінгі дауыс берудің алғашқы алдын ала нәтижелері наурыздың 20-на қараған түні белгілі болады деп күтілуде.
Сауалнама нәтижесі бойынша дауыс берудің нәтижесі анық емес. Жеңімпаз 2 сәуірде өтетін сайлаудың екінші турының қорытындысы бойынша ғана белгілі болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу