45 жастағы ер адамның іс-әрекетті жаһан жұртын дүрліктірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Черногория Ішкі істер министрі Данило Шарановичтің айтуынша, қаза тапқан балалардың жасы – 10 және 13-те.
Ал Подгорица клиникалық орталығының директоры Александр Радовичтің сөзіне сенсек, емханаға жеткізілген 3 жаралы адамның жағдайы қазіргі уақытта тұрақты.
Жағдай былайша өрбіген. Тавернадағы кикілжіңнен кейін 45 жастағы ер адам үйіне мылтық алу үшін барған. Сосын қайта келіп оқ жаудырған. Қаскөйдің өзіне қол жұмсамас бұрын таверна қожайынының балалары мен әйелін атып тастағаны да белгілі болды.
Черногория билігі осы жағдайдан соң үш күндік қаралы күн жариялады. Премьер-министр Милойко Спаич Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаруға толық тыйым салу мәселесі тез арада көтерілетінін айтты.