Chevron Қазақстан мұнайын КҚК арқылы тасымалдауды жалғастыра береді

548

Бұл туралы америкалық Fox News телеарнасы хабарлады.  

Chevron Қазақстан мұнайын КҚК арқылы тасымалдауды жалғастыра береді Фото: mcc.kz

Америкалық Chevron мұнай-газ корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майк Уирт америкалық Fox News телеарнасына сұхбат беріп мұнай-газ саласындағы компанияның қызметіне, геосаяси жағдайдың салаға тигізіп жатқан ықпалына қатысты әңгімеледі. Сонымен қатар, ол компанияның Қазақстанда өндіретін мұнайын тасымалдау жолдарына қатысты да жоспарын айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Майк Уирттің айтуынша, ғаламдық энергетикалық нарықтар үшін Қазақстан аса маңызды мемлекет.

"Теңізге шығатын жолы жоқ болса да, Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі және ірі шикізат өндіруші ел. Осылардың бір бөлігі, елеулі үлесі КҚК арқылы Қара теңіздің Ресей тарапындағы жағалауына жеткізіледі. Бүкіл әлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Азиядағы тұтынушылар КҚК арқылы Қазақстаннан жеткізілетін мұнайға тәуелді, бұл жеткізілімдер Украинадағы қақтығыс пен антиресейлік санкциялардан зардап шекті. Қазақстан мұнайы тұтынатын елдердің билігі бұл жеткізілімдер жалғасады деген үмітте", - деді Майк Уирт.

Сондықтан, Chevron компаниясы КҚК арқылы мұнай тасымалдаудан бас тартуға ниетті емес. Ал, Каспий құбыр консорциумы акционерлерінің арасында, Chevron-ның еншілес компаниясы да бар. Құбырға бірнеше компания акционер.

Атап айтқанда:

  • Ресей тарапында 31% (Транснефть 24%, баланста-7%) - 31%;
  • Қазақстан тарапы екі компания арқылы - 20,75% (Қазмұнайгаз - 19% және  Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%);
  • Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%;
  • LUKARCO B.V. - 12,5%:
  • Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%;
  • BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2%, Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%;
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу