Chevron компаниясы қызметкерлерді қайта оқыту орталықтарын ашуы мүмкін

146

Мұндай орталықтар ірі жобалар аяқталғаннан соң жұмыстан босатылған қызметкерлердің басқа жұмысқа орналасуын жеңілдету үшін қажет.        

Chevron компаниясы қызметкерлерді қайта оқыту орталықтарын ашуы мүмкін Фото: digitalbusiness.kz

Мұндай бастаманы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары көтеріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған мәселе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев "Шевронның" Еуразиялық бөлімшесінің кадрлар бойынша аға кеңесшісі Тифара Кейшей Джонсон Гилбертпен кездесуінде талқыланды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Шевронға" қайта оқыту орталықтарын ашуды ұсынды, онда мұнайшыларды, мысалы ауылшаруашылығы маманы етіп қайта оқытуға болады.

Ведомство мамандарының пікірінше, мұндай орталықтарда ірі жобалар аяқталғаннан кейін жұмыстан босатылған жұмысшылар кейін жұмысқа орналасуын жеңілдету үшін алдын ала жаңа мамандық алуы керек.

"Ірі жобаларды іске асыру кезеңдерін ескере отырып, біз азаматтарды жаңа мамандықтарға алдын ала дайындауымыз керек. Жұмыскерлерді ықтимал оңтайландыру кезінде экономиканың басқа секторларына сенімді түрде өтуі үшін алдын ала қайта оқыту моделін іске қосуды ұсынамыз. Егер компания мұндай орталық ашу туралы шешім қабылдаса, министрлік жан-жақты қолдау көрсетуге және осы табысты тәжірибені таратуға дайын", – деп атап өтті министр.

Мысал ретінде ол ERG компаниясының тәжірибесін келтірді, ол қызметкерлерді жұмыстан босатқан кезде оларды экономиканың басқа салаларында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды меңгеру үшін өз орталықтарына алдын ала жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу