"Chia Tai Tianging Group" қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.  

"Chia Tai Tianging Group" қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр Фото: Almaty.tv

"Chia Tai Tianging Group" қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. 

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. 

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.  

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.  

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА  саll-орталығына немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз", – деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу