Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасына 700 млн теңге салған

265

Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан. 

Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасына 700 млн теңге салған Фото: dknews.kz

Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз, делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу