"Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде

425

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.  

"Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде Фото: dknews.kz

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен "Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін "Telegram" мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу