Чикагоның халықаралық әуежайында United Airlines-тің екі ұшағы соқтығысты, деп хабарлайды 24.kz.
Соңғы ақпарға сәйкес, жарақат алғандар жоқ.
Мамандардың айтуынша, бір ұшақ әуе тұрағында қозғалыссыз тұрған екінші лайнерді іліп ала кеткен. Нәтижесінде екеуінің де сол жақ қанаты зақымданды.
Айта кету керек, олар ішкі рейс ұшақтары. Төтенше жағдайға байланысты бір рейс кешіктіріліп, екіншісі тоқтатылды. Осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу