Куәгерлер түсірген бейнежазбадан жолаушылар ұшағының қонуға дайындалып келе жатқанын байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Чикаго әуежайындағы ірі әуе апатының жолы кесілді. Оқиғаны видеодағы кадрлардан соң былайша бағамдауға болады.
Бейнежазбада әлдебір ұшақтың әуежайға қонуына санаулы секунд ғана қалғаны анық байқалады. Бұл уақытта қону жолағына жеке джет ұшағы да шығып келе жатады. Қонғалы тұрған пилоттарға шұғыл шешім қабылдау міндеті жүктеліп, олар дереу көкке көтеріледі. Олар осылай жедел әрекет етіп, ұшақты екінші айналымға шығарып үлгерген. Кейін ұшақтың сәтті қонғаны жайлы ақпарат бар.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта аталған жайттың нақты себептері анықталып жатыр.