Чили Қазақстанда саяси жүйенің демократиялануын қолдайды

855

Чили Қазақстанда саяси жүйенің демократиялануын қолдайды

Чили астанасы Сантьяго қаласында Қазақстанның Бразилия Федеративті Республикасындағы елшісі және Чили Республикасындағы елші қызметін қоса атқарушы Қайрат Саржанов Чили Республикасының президенті Мишель Бачелетке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Әңгімелесу барысында дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып, Қазақстанның Чилимен сауда-экономика саласындағы екіжақты байланысын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. 

Президент Мишель Бачелет Қазақстанға саяси жүйені демократияландыруда, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің қатарына кіруі жөніндегі экономикалық бағдарламаларды іске асыруда сәттілік тіледі. 

Ол Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылуына Чилидің көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, Қазақстан-Чили қарым-қатынасын кеңейту қажеттігін қолдады және Чили  "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу