Чили президенті БҰҰ ны реформалауға шақырды

369

Жұма күні АҚШ Палестина-Израиль қақтығысын дереу тоқтату туралы талапты қамтитын БАӘ дайындаған гуманитарлық қарар жобасын мақұлдамай қойған болатын.  

Чили президенті БҰҰ ны реформалауға шақырды Фото: Reuters

АҚШ Газа секторында атысты тоқтату туралы қарарға вето қойғаннан кейін, Чили президенті Габриэль Борич БҰҰ-да шұғыл құрылымдық реформалар жүргізуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"БҰҰ-да реформа жүргізу қажет. Қазіргі әлем 1945 жылдағыдай емес, басқаша", - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Жұма күні Америка Құрама Штаттары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығын қолданып, Палестина-Израиль қақтығысын дереу тоқтату туралы талапты қамтитын БАӘ дайындаған гуманитарлық қарар жобасын мақұлдамай қойды. Қарарды Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 13-і қолдады, Ұлыбритания қалыс қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу